Динара Бисембина «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Динара Бисембина Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірді.
Кәсіби мансабын елордада «Литер» газетінің меншікті тілшісі ретінде бастады.
2015 жылдан 2017 жылға дейін «Хабар» Агенттігі» АҚ-да жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімінің бұқаралық ақпарат құралдары және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.