Ресейлік спортшы Хабиб Нурмагамедов Дастин Порьемен өткізетін жекпе-жегінен 6 млн доллардан астам табыс табады деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Айта кетейік, Конор Макгрегормен өткізген жекпе-жегінде спортшының гонорары 2 млн долларды құраған.
"Жекпе-жектің гонорары Макгрегормен өткен кездесуден 3-3,5 есе көп.Біз тиын-тебен үшін төбелеспейміз, өз құнымызды білеміз. Біз үшін 2 млн доллар аздау, себебі қазір біз ең мықтымыз.
Біз үздіктерді жеңдік, ары қарай да үздіктермен жекпе-жекке шығуға дайынбыз және де біз танымал екенімізді білеміз. Залға шыққанда Порьені қалай, ал Хабибті қалай қарсы алатынын көресіздер", – дейді спортшының әкесі.
Еске сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Порье арасындағы жекпе-жек 7 қыркүйекте Абу-Даби қаласында өтеді.