$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттегі бұрынғы монша ресми түрде мектепке айналуы мүмкін (ВИДЕО)

Бұл мәселеге нұротандықтар да араласты. Түстен кейін ата-аналардың басын қосып, базынасын тыңдады. Жалдамалы нысан мектеп болып қалатын болды.

Шымкентте моншадағы сабақ уақытша тоқтатылды. Бүгін екінші ауысымның балалары, дәрісті нөмірі 80-ші лицейдің бас ғимаратында жалғастырды. Бұл ғимаратта бала оқытуға әлі санитар мамандар тарапынан ресми рұқсат берілмеген. Санэпидемиолог ешқандай өтініш түспегенін айтты. Өтініш түскен жағдайда зертханалық тексеру жүргізіп, сосын шешім қабылданынын жеткізді, деп хабарлады АстанаТВ.  

"Талаптар орындалса  мектепке айналдыруға болады. Олар біз жаңа көріп шыққанымызша терезелер оқушының арт жағынан түсіп отыр. Сол сол жағынан немесе оң жағынан түсуі керек. Одан кейін екінші қосылған ғимараттың жөндеу жұмыстары әлі бітпеген, әжетханасы бітпеген ремонттары", - деді Құттыбай Қаратау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы  Ералхасын Түктібай. 

Ал мектеп басшысы құжаттармен нысан қожайынының араласып жатқанын алға тартты. Дегенмен жауапты мамандар тексермеді дегенмен келіспейді.  

"Ғимараттың иесі бізге кепілдік хат берген, 5-қыркүйекке дейін СЭС-тен разрешение алып береміз, қазір анализ алынып, жүріп жатыр, өтініш тасталды. 1-5 қыркүйек аралығында тегін оқуға мен рұқсатымды берем деген хаты бар, кепілдік хат. Сондықтан біз баланы кіргіздік. Бір рет тексеріп кеткен. Екіншісін лабораторияның жауаптары шығу керек, соны күтіп жатырмын дедім", - деді № 80 мектеп-лицейдің директоры Сәуле Қалыбекова.

Бұл мәселеге нұротандықтар да араласты. Түстен кейін ата-аналардың басын қосып, базынасын тыңдады. Жалдамалы нысан мектеп болып қалатын болды. Тек бір ай шамасында, мердігер ғимаратты барлық талапқа сәйкестендіруі тиіс. Оған дейін бастауыштың балғындары бас ғимаратта оқи тұрмақ. Орын тапшылығын шешу үшін жоғары сыныптың оқушылары көрші мектепке қатынайтын болып келісілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент