Жаңалықтар 05.09.2019 сағат 12:25

«Naiman»: сыртында ру аттары жазылған сыралар сатылымға шығуы мүмкін

Ішімдік сыртына ру аттарын тайға басқандай етіп көрсеткен компания мұны маркетингтік әдіс-айла деп тапқан.
«Naiman»: сыртында ру аттары жазылған сыралар сатылымға шығуы мүмкін
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

“Найман, Суан, Ысты”. Елімізде қаптамасына ру аттары жазылған осындай сыралар сатылымға шықпақ, деп хабарлайды Zakon.kz Бірінші Еуразия телеарнасына сілтеме жасап.

Ішімдік сыртына ру аттарын тайға басқандай етіп көрсеткен компания мұны маркетингтік әдіс-айла деп тапқан. Кәсібінің көрігін осылайша қыздырмақ болғандардың әрекеті көпшіліктің ызасын тудырып үлгеріпті.

"Бұл бірінші масқара жағдай емес. Ұлы Абайдан бастап бірқатар қазақ ұлыларының суретін пайдаланған арақ өндірушілері, тіпті одан да асып Құранды да тәрк еткен. Бірде Ақтөбеде ішімдік өндіргендер, оның қағазына Құран сүрелерін жазып, жұрттың ашуына тиген болатын. Одан бөлек Жамбыл облысында Қара жорға билеп тұрған қыздардың суреті жабыстырылған арақ-шарап та шыққан. Сондықтан ру аттары бар сыра сатылымға шығып жатса, оған таң қалмаймыз", - дейді телеарна тілшісі ру аттары бар сыраның видеосын ұсына отырып.

Дегенмен Қазақстанның дүкендерінің ешбір сөресінен ондай сыра байқалмаған. Соған қарағанда ол енді шығарылғалы жатқан жаңа өнім түрі секілді.

"Маркетинг түсінігінде үлкен бір кешен бар. Ол "нейминг" деп аталады. Сол салада шығарылатын тауардың атауы сараптамадан өтеді. Негізі, ол үшін де қойылатын бірнеше талап бар. Атауы жұрттың ар-намысына тимеуі шарт. Ал мына сыраға келсек, бұл тауар әлі нарыққа шықпаған. Тек тестілеуден өтіп жатқан өнім секілді. Осы арқылы өндіруші өздеріне "қара жарнама" жасап жатыр", - дейді маркетинг бойынша кеңесші Диана Барлыбаева бұл жайтқа қатысты білдірген өз көзқарасында.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар