$ 498.34  519.72  4.85

Жазасын өтеп шыққан адамдар 5-7 жыл ЖСН-сіз өмір сүруге мәжбүр - Мұхтар Тайжан

Бүгін өткен «Ашықтық. Айқындық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» атты дөңгелек үстелде қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жазасын өтеген жандардың азаматтық құқығы тапталып жатқанын  айтты.

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жазасын өтеген қазақстандықтардың құқығы шектеліп отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Бүгін өткен «Ашықтық. Айқындық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» атты дөңгелек үстелде қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жазасын өтеген жандардың азаматтық құқығы тапталып жатқанын  айтты. 

«Жазасын өтеп шыққан адамдар 5-7 жыл жеке сәйкестендіру нөмірінсіз өмір сүруге мәжбүр. Осының салдарынан не сенімхат жаза алмайды, көлігін немесе өзін сақтандыра алмайды. Қолданыстағы заңнама оларды осылайша заңдастырылмаған ортаға ығыстырып тастаған. Олар «көлеңкеге» кетуге мәжбүр. Жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған соң олар заңды жолмен жұмысқа да орналаса алмайды. Тіпті таксиші болып та жұмыс істеуге құқығы жоқ. Бұл қазіргі заңнамаға келіп тіреледі. Заңнамада осы олқылық ескеріліп, түзетілуі керек», - деді Мұхтар Тайжан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары