$ 449.58  486.94  4.86

Алматыдағы базар әлі өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіндегілер ақпаратты растады.

Алматыда Барахолкадағы қоймалар әлі де әлсіз жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Желіде видео пайда болды, онда автор "Барахолка әлі жанып жатыр" деп мәлімдеген.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіндегілер ақпаратты растады. 

"Солтүстік айналым, 30б мекенжайы бойынша түнгі уақытта 4 арнайы техника, Алматы ТЖД жеке құрамының 30 адам қарауылдауға қалған. Қазір бықсыған ошақтарды төгу және конструкциялар мен материалдарды жинау жұмыстары жүріп жатыр. Жағдай бақылауда", - деді Алматы қаласы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі өкілі. 

Еске салсақ, Барахолкадағы қоймаларда өрт 6 қыркүйекте болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары