Жаңалықтар 08.09.2019 сағат 21:18

Малахов Димаш Құдайбергеннен кешірім сұрады

Бағдарламаның жүргізушісі Андрей Малахов қазақстандықтар алдында оны жаңа секс символ ретінде таныстырғаны үшін кешірім сұрады.
Малахов Димаш Құдайбергеннен кешірім сұрады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ресейлік композитор Игорь Крутойдың мерейтойына арналған «Привет, Андрей! бағдарламасының шығарылымына қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қонақ болып барды.

Бағдарламаның жүргізушісі Андрей Малахов қазақстандықтар алдында оны жаңа секс символ ретінде таныстырғаны үшін кешірім сұрады.

«Менің Инстаграм парақшама небір сын пікірлер келді. Олар маған былай деп жазды: «Ол ұлттың мақтанышы, жыныстық нышан деп атауға бола ма? Бұл  Ресейде айтылатын шығар» деді. Сондықтан мен сені секс-символ деп таныстырғаным үшін кешірім сұраймын», - деді Малахаов.

«Шынымды айтсам, мен де таңғалдым», - деп Ирина Аллегрова да шетте қалмады.

«Концертте сізге қанша гүлдер беріліп жатқанын, қандай толқуларыңыз болғанын көрдім, мен бұндайға бірінші рет куә болдым», - деді Малахов. 

«Уақыт өтіп жатыр, бәрі өзгереді ... Бастысы классиканы ұмытпау керек», - деп әзілдеді әнші.

Димаш Қазақстанда ол славян базарында жеңіске жеткеннен кейін танымал болғанын және «I`m singer» қытай шоуына қатысқаннан кейін әлемге әйгілі болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, әнші Қытайдан келген алғашқы жанкүйерінің жүзін есінде сақтап қалғанын мойындады. Димаш жеке өмірі туралы сұраққа жауап беруден бас тартты.

Димаш 26 қазанда Нью-Йоркте, 30 қарашада Дюссельдорфта және 8 желтоқсанда Екатеринбургте ресейлік композитордың шығармашылық кешінде өнер көрсетеді.

29 қарашада Санкт-Петербургте Құдайбергеннің жеке концерті болады.

Дереккөз: Stan.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар