Жаңалықтар 08.09.2019 сағат 22:34

Ресейде сайлау учаскелері ашылды

Алғашқы сайлау учаскелері 8 қыркүйекте таңертеңгі сағат 8-де Чукоткада ашылған.
Ресейде сайлау учаскелері ашылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

8 қыркүйекте Ресейде түрлі деңгейдегі алты мыңнан астам сайлау өтпек. Жаңа губернатор, қалалық мәслихат депутаттары, қала басшыларының есімдері белгілі болады.

Алғашқы сайлау учаскелері 8 қыркүйекте таңертеңгі сағат 8-де Чукоткада ашылған. Бұл аймақта тұрғындар әкімшілік орталық - Анадырь қаласының басшысы мен қалалық парламент депутаттарын сайлайды.

Сайлауалды кезеңде Мәскеуде жаппай наразылық акциялары өтіп, тұрғындар тәуелсіз кандидаттарды қалалық дума сайлауына жіберуді талап етті. Шілде айының соңынан бері әр сенбіде өткен акциялар кезінде бірнеше мың адам ұсталды.

"Коммерсант" басылымының жазуынша, Санкт-Петербург пен Астрахань облысында сайлау күрделі жағдайда өтпек. Мұнда сайлауға тұрғындардың тек 11 пайызы ғана қатысуға ниет білдірген және сәйкесінше кандидаттар саны да аз.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар