$ 494.87  520.65  4.91

«Нигериялық топтың құрбаны»: Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Тоқаевқа хат жазды

Сұхбатта әйел соңғы бірнеше жылда қызымен алғаш рет 3 қыркүйекте Гуанчжоуда кездескенін айтты.

Қытайда ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сұхбатта әйел соңғы бірнеше жылда қызымен алғаш рет 3 қыркүйекте Гуанчжоуда кездескенін айтты. Сот қызы мен анасына 15 минут сөйлесуге рұқсат берген.

Ақжарқын Тұрлыбай әлі күнге дейін есірткі тасымалына еш қатысы жоқ екенін айтады. Ол соңғы алты жыл уақытын Қытай түрмесінде өткізді. 2015 жылы маусымда қытайлық сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырған еді. Алайда 2016 жылы сот үкімінің күші жойылып, істі қайта қарауға жіберді. Ақжарқын Тұрлыбайдың анасының хатының толық мәтіні жарияланды.

«Аса құрметті Президент мырза - Қасым-Жомарт Тоқаев! 2014 жылы наурыз айынан бастап менің қызым Ақжарқын Тұрлыбай Қытай елінде есірткі контрабандасымен тасымалдады деген күдікпен ұсталды. Бес жылдан аса уақыттан бері менің қызымның үстінен сот жүріп жатыр. Содан бері, өмір бойына бас бостандығынан айырылсын деген үкім шығарылды. Одан кейін оның күші жойылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Менің қызымның тарапынан Қытай жағынан да Қазақстан жағынан да адвокаттар тегін қызмет көрсетіп жатыр. Оларға менің алғысым шексіз. 2015 жылы ЦАРИКЦ ұйымы менің қызымды, Ақжарқын Тұрлыбайды нигериялық есірткі мафияларының құрбаны болғаны туралы мәлімдеме жасады. Алайда Қазақстан ішкі істер министрлігі қажетті мәлімдеме бермей отыр. Соған қарай, бізге жұмыс істемей жатыр.

ҚР Конституциясының 11-бабы 2-бөлігі бойынша, еліміздің азаматтары шетелде болғанда олардың құқығы қорғалады делінген. Бұл сізге таныс жағдай деп білем. Сізден өтініп сұрарымыз, осы менің қызымның, ол жақтан шығуына көмек берсеңіз. Сізден жалынып сұранамыз. Мен, менің отбасым, әкесі, бауырлары сізден сұрайтынымыз - менің қызыма көмектесіңізші. Қызымның жазығы жоқ екені кешегі барған сотында дәлелдер келтірілді. Бірақ олар бізден сұраған қағазды бере алмағандықтан, ашық соттың шешімі шығарылған жоқ. Соған дейін, сіз бізге көмектессеңіз екен. Рақмет сізге!» делінеді Зухра Сейтімованың хатында. 

Есіңізге сала кетейік, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу қаласының әуежайында есірткі контрабасымен айналысты деген күдікпен ұсталған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары