$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде 11 педофилге химиялық кастрация жасалады

ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, мұндай жаза кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған, жасы 18-ден асқан адамдарға қолданылады.

Қазақстанда 11 адамға химиялық кастрация жасалады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Мәжбүрлі түрде химиялық кастрация шарасы сот-психатриялық сараптама нәтижесіне қарай сот шешімімен тағайындалады. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, мұндай жаза кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған, жасы 18-ден асқан адамдарға қолданылады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері қылмыстық атқару жүйесіне соттан осы мәндегі үкім алған 11 адам түсті. Аталмыш жандардың бәрі дәрігерлік-консультативтік  комиссияның қарауынан өтті. Қазіргі таңда процедура Павлодар және Ақмола облысындағы мекемелерде екі адамға жүргізіліп жатыр. Осы жаза түрі тағайындалғандар туралы басқа  мәліметтер құпия және ҚР Конституциясының 18-бабының 1-тармағына сәйкес таратуға жатпайды» делінген комитеттің ақпаратында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары