$ 494.87  520.65  4.91

Жәкішевті қолдаушылардың үміті тағы да ақталмады (ВИДЕО)

Отырыс басында адвокат сот құрамына қарсылық білдірген. Ол Жәкішевсіз істі қарау мүмкін емес деп санады.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қанағаттандырылмады. 10 қыркүйекте Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық сотында апелляциялық алқа отырысы өтті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Отырыс басында адвокат сот құрамына қарсылық білдірген. Ол Жәкішевсіз істі қарау мүмкін емес деп санады. Жәкішев видеоқоңырау арқылы сотқа қатысуы керек болған. Алайда, байланысты ретке келтіру мүмкін болмаған.

56 жастағы Мұхтар Жәкішев 10 жылдан астам уақыт бойы қамауда отыр. Сот оны 2009 жылы сыбайлас жемқорлық пен ысырап еткені үшін оны 14 жылға бас бостандығынан айырған. 24 шілдеде Семей соты оған шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырмаған еді. Жәкішевтің қорғауы апелляция берді, алайда өтінішті қанағаттандырмау туралы шешім күшінде қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары