$ 444.22  476.38  4.82

Қарағандыда «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық шарасы жалғасуда

Қарағанды облысында «Мектепке жол» ауқымды акциясы аясында жаңа оқу жылында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 10 800-ден астам бала көмек алды.

Бүкіл ел бойынша 1 тамызда басталған әлеуметтік бағыттағы игі бастамаға Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы да үн қосып жатыр.

Әр аудандағы Аналар кеңесінің, Қайырымгерлер мен меценаттар клубының өкілдері акция шеңберінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балаларына мектепке баруға қаржылай және заттай қолдау көрсетуде. Атап айтсақ, Жезқазған қаласында Ютария ЛТД компаниясы 67 отбасыға 6 000 000, Приозерск қаласында 400 000, Саранда 740 000, Қарқаралы ауданында 911 000 теңгеге көмек көрсетілсе, Бұқар жырау ауданының «АвтогазТрэйд» ЖШС қызметкерлері мен Аналар кеңесі Новостройка ауылындағы мектеп оқушыларына құрал-жабдықтар мен портфельдер табыстады. 

Қарағанды облысында «Мектепке жол» ауқымды акциясы аясында жаңа оқу жылында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 10 800-ден астам бала көмек алды. Демеушілер мен қайырымды жандар оларға кеңсе заттарын, аспалы дорбалар мен мектеп киімдерін сатып алды. Кейбір ұйымдар оқуға қажеттісін өздері таңдап алуы үшін отбасыларға белгілі бір сомаға сертификаттар берді.

Акцияны жеке және мемлекеттік құрылымдар қолдады. Балаларды мектепке жинауға қайырымдылық көмекті компаниялар, кәсіпорындар мен ұйымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының мүшелері және т.б. көрсетті.

Облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша, жалпы сомасы 140 млн теңгеден астам сомаға көмек көрсетілген. Шілде айында басталған «Мектепке жол» акциясы осымен аяқталмайды. Ол қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

«Мектепке жол» акциясы Қарағанды облысында он жыл бойы ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын оның шеңберінде мыңдаған оқушы көмек алады.

Көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында аянбай жатқан барша азамат-азаматшаларға үлкен алғыс алғыс айтамыз. Қайырымдылық әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялатып жатқаны сөзсіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары