Чехия президенті Милош Земан Түркияның Еуроодақ құрамына қосылуына қарсы екенін мәлімдеді. Бұл жайында ТАСС хабарлап отыр.
«Түркия Еуропалық одақтың мүшесі болмауы керек» деді саясаткер. Земанның айтуынша, Түркия НАТО-ға мүше болғанымен өзін «Ислам мемлекетінің» серіктесі ретінде көрсетіп жүр. Сондықтан бұл мемлекетпен әріптестік орнатуда барынша сақ болған жөн дейді чех көшбасшысы.
Ол сондай-ақ Еуроодақтың Анкараға сириялық босқындарға көмек көрсеткені үшін ақшалай көмек бергеніне қарсы екенін айтты. "Түркия онсыз да бұл босқындарды қабылдай алады, өйткені олармен діндері бір. Менің бұл сөздерімнен кейін Түркияның елшісі наразылық нотасын жолдайтынын біліп отырмын" деп жазады ТАСС Земанның сөзін мысалға келтіріп.