$ 494.87  520.65  4.91

Канадада 21 қазан күні парламенттік сайлау өтеді

Бірақ сарапшылар «осы додада премьер-министр партиясының ықпалы әлсірейді» деп отыр.

Бұл туралы премьер-министр Джастин Трюдо халыққа жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Үкімет басшысының айтуынша, Канада генерал-губернаторы Жюли Пейетт оның парламентті тарату туралы өтінішін қабыл алған. 

Айта кетейік, Канадада парламенттік сайлау әр 4 жыл сайын өтеді. Биылғы саяси шара - ел тарихындағы 43-ші сайлау. Саяси партиялар төменгі палатаның 338 орны үшін күреседі. Әзірге сайлауға 6 партия тіркелген. Оның ішінде билеуші «Либералдық партия» бар. Бірақ сарапшылар «осы додада премьер-министр партиясының ықпалы әлсірейді» деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Канада