$ 443.85  474.3  4.8

Аралда құрамында есірткі бар өсімдік алқабы анықталды

Қашқан күдіктілерді ұстау барысында олардың біреуі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Арал ауданы, Жіңішкеқұм елді мекенінен 120 шақырым қашықтықта есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдік алқабы анықталды, деп жазады kyzylorda-news.kz.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында 6 азамат заңсыз есірткі егіп жатқан жерлерінен ұсталған. Олардан басқа күдіктілер оқиға орнынан бой тасалап, полиция қызметкерлеріне қарсы қару қолданған.

Қашқан күдіктілерді ұстау барысында олардың біреуі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Екінші 36 жастағы күдікті ұсталды.

«Бүгінгі таңда орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және 380-бабының 2-бөлігімен (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлерімен табельдік қару қолдану дерегіне құқықтық баға беру үшін полиция департаментімен қызметтік тергеу жүргізілуде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары