$ 494.87  520.65  4.91

Шамалғандағы апатқа қатысты комиссия құрылды

"Комиссия құрамына Көлік комитеті мен "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясының өкілдері кіреді. Комиссия мүшелері оқиға орнына жол тартты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы облысындағы төтенше жағдай бойынша арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 қыркүйекте сағат 19:08-де Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінің Алматы-Отар учаскесінде №43 Алматы-Қостанай жолаушылар пойызы мен Setra маркалы №456 Алматы-Қаскелең жолаушылар автобусы күзетілетін өткелде соқтығысқан.  

"Комиссия құрамына Көлік комитеті мен "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясының өкілдері кіреді. Комиссия мүшелері оқиға орнына жол тартты", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Еске салайық, апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, тағы үш адам зардап шеккен. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары