$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады деп күтілуде

Қазақстанның басым бөлігінде циклоннның әсерінен жаңбыр жаууы, күн күркіреп, жел күшеюі, республиканың солтүстігінде бұршақ жауы мүмкін. Оңтүстікте және батыста ғана күн райы ашық болады, деп хабарлайды Казгидромет.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Атырау облысының кей аймақтарында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяу тәуліктерде республиканың оңтүстіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде су бетінің құбылуы байқалады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасына ағыны төмендейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары