$ 494.87  520.65  4.91

«Жүргізуші полицияға арызданған жоқ»: Ақтауда көлік шұңқырға түсіп кетті (ВИДЕО)

Жаға ұстатар сәт бақылау камерасына түсіп қалыпты.

 Жұртты дүрліктірген оқиға Маңғыстау облысы Ақтау қаласында таңертең болған. Желіде бақылау камерасына түсірілген видео жарияланды. Ақтау қаласында Toyota Land Cruiser жер астына түсіп кетті, деп хабарлайды «Lada.kz» порталы.

Оқыс оқиға бүгін сағат 07:08-де «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның алдында болған. Жол талғамайтын көлік ғимараттың алдында келіп, кері айналып бұрылған кезде жер опырылып кеткен. 

Жаға ұстатар сәт бақылау камерасына түсіп қалыпты. Тіпті, оқиға куәгерлері де видеоға түсіріп алған. Кейінірек ролик желіде таралды.

Маңғыстау облысы полиция департаменті жер астына түсіп кеткен көліктің жүргізушісі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметкері екендігін хабарлады.

«Көлік түсіп кеткен жерде құдық болған. Құбыр жарылып, сол жерде қуыс пайда болыпты. Жүргізуші оны байқамаған. Көлікті бұрған кезде дөңгелегі шұңқырға түсіп кетеді. Жүргізуші полицияға арыз жазған жоқ», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары