$ 498.34  519.72  4.85

Жамбыл облысында 400-ге жуық адам алимент төлеуден қашып жүр

Алдағы уақытта алимент төлеуден қасақана жалтарғандар мен көлеңкелі бизнеске қарсы жұмыстар күшейтілмек.

Жамбыл облысында 11 мыңнан астам адам алимент төлеуге міндеттелген. Оның 400-ге жуығы борышын өтеуден жалтарып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алиментін төлеумей жүргендердің көбісінің тұрақты жұмысы не басында мүлкі болмайды. Сондай-ақ кейінгі жылдары тапқан табысын жасырып, жалақысын төмендетіп көрсетуге тырысатын әкелер де жиі кездесе бастаған. Бұл оларға осындай мүмкіндік жасаған жеке жұмыс берушілерге мемлекетке салықты аз мөлшерде төлеу үшін қолайлы болып тұр. Соның салдарынан сот орындаушыларға берешектерді өндіру кезінде бірқатар қиындықтар туғызып отыр. 

Алдағы уақытта алимент төлеуден қасақана жалтарғандар мен көлеңкелі бизнеске қарсы жұмыстар күшейтілмек. Бұл бағытта мемлекеттік және құқық қорғау органдары өзара іс-қимыл механизмін бекітіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. 

«Өткен айдың аяғындағы мәлімет бойынша, Жамбыл облысында 377 проблемалы алимент болса, оның тек 126-сы әкімшілік жауапқа тартылған. Қалғандары жауапсыз жүр. Борышкер алимент төлемей тұрған кезде ол бірінші дәреже болып есептеледі. Ал айыппұл ол 4- дәреже. Алиментін төлемегендер айыппұлды төлеуде екі есе қиындық тудырады», - дейді Жеке сот орындаушылары республикалық палатасының басқарма төрағасы Ернар Ыбыраев.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алимент