$ 442.05  474.14  4.74

Марат Тәжин қызметінен босатылды

Ақорданың ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Тәжиннің басқа жұмысқа ауысатындығы айтылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды.

Ақорданың ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Тәжиннің басқа жұмысқа ауысатындығы айтылды. 

Марат Тәжин 1960 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірді.

Философия ғылымдарының кандидаты. Әлеуметтану ғылымдарының докторы . Лондон университетінің докторанты, профессор. Стамбул университетінің профессоры.

Марат Тәжин Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Ресей әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік академигі, Қазақстан Республикасы саяси ғылымдар академиясының академигі және президенті, Қазақстан Республикасы әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті, түркітілдес елдер әлеуметтанушылар одағының президенті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Марат Тәжин