Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорда.
"Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын", - делінген президент қаулысында.
Айта кетейік, Мұхтар Тілеуберді бұған дейін Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын.