Қошанов Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды. Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалуы мүмкін.
"Қарағанды облысының бұрынғы әкімі, тәжірибелі мемлекеттік қызметші Е.Қошанов Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды. Қарағанды облысының басшысы лауазымына мәслихатқа Премьер-министрдің орынбасары, білікті басқарушы Ж.Қасымбек ұсынылады", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттерде.