18.09.2019, 21:16

Атырау облысында өгей қызын зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Фото: Pixabay.kz
Ер адам өзінің кәмелетке толмаған өгей қызын 7 ай бойы зорлаған.

Атырау облысының өгей қызын зорлаған ер адам 15 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам өзінің кәмелетке толмаған өгей қызын 7 ай бойы зорлаған.

Сотталушы зорланған қыздың анасымен ресми некеде болған.

"13 жастағы қыз әйелдің бірінші күйеуінен. Сотталушы өгей қызына заңды түрде аты-жөнін беріп, оны өз баласы деп таныған. Ер адам әйелінің жоқтығын пайдаланып, өгей қызын зорлаған", - деді ведомство.

Қыз балан өгей әкесінен қорқып, зорланғанын айтпаған. Кейін қыз жүкті болғанда ғана анасы бар шындықты біліп, полицияға шағымданған.

Облыстық сот өгей әкені Қылмыстық Кодекстің 120-бабы 4-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, әйелдің сотталушыдан екі қызы бар.

Тегтер: Атырау