$ 444.22  476.38  4.82

Рұқсатсыз жұмыс істеген орталықта 8 бала ішек инфекциясын жұқтырған

СЭС мамандары орталықтың асханасын тексермек.

Балаларды дамыту орталықтарының бірінен ішек инфекциясы шықты. Нұр-Сұлтанда балаларды дамыту орталықтарының бірінде кішкентай ұл-қыздар астан ұшынды. Ішек инфекциясын жұқтырған сегіз балдырған қазір жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Құсып, іші өтіп, ыстығы көтерілген кішкентайлар Елордадағы жекеменшік мектепке дейінгі балаларды дамыту орталығында тәрбиеленген. Ата-аналарының айтуынша, ұл-қыздар осында астан ұшынған болуы мүмкін деп отыр. 

Өйткені, балабақшада тамақ ішкен соң жайсыз сезініпті. Кейін барлығы дереу ауруханаға жеткізілген. Енді СЭС мамандары орталықтың асханасын тексермек. Оның үстіне мекеме рұқсатсыз жұмыс істеген. 

«Ата-аналардан шағым түсті. Қазір соның негізінде комиссия құрылып тексеріс басталды. Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті де өз тарапынан тексеріс жүргізіп жатыр. Егер балалардың осы жерден ұшынғаны расталса, тиісті шара қолданамыз», - деді Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары