Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (52-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жек мүлде қызықтырмайтынын айтты. Боксшының сөзін The Athletic журналисті Майк Коппинджер твиттер желісінде келтіріп отыр, деп жазады Vesti.kz.
Альварес бұл мәлімдемесін жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихаты кезінде жасады.
«Канело» Головкинмен арадағы істің біткенін және онымен үшінші рет жұдырықтасуға ынтасы жоғын айтты», - деп жазыпты Коппинджер.
Сонымен бірге, Альварес өзінің промоутері Оскара Де Ла Хойяның (Golden Boy Promotions) мексикалық пен Головкин жекпе-жегі келесі жылы өтеді деген сөзіне қатысты пікірін айтты.
Оған қоса боксшы, промоутердің сөзіне қатысты «Көп дүниенің мәні жоқ» деді.