$ 449.3  489.69  4.89

Лондон соты Әбілязовты 22 айға соттады

«Әбілязовке сенуге болмайды. Адамдарды заңсыз акцияға шығуға үгіттейді. Олардың көшеге шыққаны үшін ақы төлейді. Ол ақшаны сол еліміздің азаматтарынан ұрлады».

Бас прокуратура өкілдері Мұхтар Әбілязовтың сөзіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

«Қазақстан оны қудалауды жалғастырады. Әбілязов мұны біледі және қорқады. Саяси себептерді сылтауратып қуғынға ұшырағанын айтады, алайда оның ісінде ешқандай саясат жоқ. Биыл шілдеде Нью-Йорк соты Әбілязовты жалған ақпарат таратушы ретінде қарастырып, оның саяси қуғынға ұшырағаны туралы пікірлерін жоққа шығарды.  Осыған дейін Лондон соты да осындай шешімге келді. Олар оған 4 миллиард доллар айыппұл салып, оны алаяқ деп танып, жалған ақпарат бергені үшін 22 айға соттады.

Ұлыбритания ішкі істер министрлігі оны босқын статусынан айырды. Сол себепті, Әбілязов Францияға қашты және өзі алдап кеткен отандастарын сырттай билікке қарсы айдап салып отыр», - деді Бас прокуратура қоғамдық қызығушылықты қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов.  
Нұрпейісов Әбілязовты тыңдайтындарға жаны ашитынын айтты.  

«Әбілязовке сенуге болмайды. Адамдарды заңсыз акцияға шығуға үгіттейді. Олардың көшеге шыққаны үшін ақы төлейді. Ол ақшаны сол еліміздің азаматтарынан ұрлады. Әбілязов пен оның жақтастары - сот шешімімен тыйым салынған экстремистік ДВК ұйымына - қарапайым адамдарды жаңылыстырып, қасақана құқық бұзушыға айналдырды. Осы кезде ол өзі Францияда жүр, Қазақстаннан және басқа да елдерден ұрлаған қаражатқа өмір сүріп жатыр. 

Құрметті отандастар, арандатушылыққа жол бермеуге шақырамын, салдары - қылмыстық жауапкершілік», - деді Сапарбек Нұрпейісов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары