$ 498.34  519.72  4.85

Теріс ағымдағы ақпараттарды желіде таратқаны үшін ер адам 6 жыл 2 айға сотталды

Діндар кейпінде жүрген азамат есірткі құмарлығымен де құқық қорғау органдарына жиі ұсталған екен.

Түркістан облысында лаңкестікке үндеп жүрген тұрғын сотталды, - деп хабарлайды КТК.  

Кентау қаласының тұрғыны Азамат Аманжоловқа сот 6 жыл 2 ай мерзіміне үкім шығарды. 

Мамыр айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған кентаулықтың елімізде тыйым салынған салафизм ағымын «WhatsApp» пен «ВКонтакте» желілері арқылы таратып жүргені белгілі болған. Діндар кейпінде жүрген азамат есірткі құмарлығымен де құқық қорғау органдарына жиі ұсталған екен. 

Экстремизм мен терроризмге шақырып жүрген Аманжоловтың дүние-мүлкі тәркіленді, енді ол алдағы 6 жылын тәртібі барынша қатаңдатылған колонияда өтейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары