$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда халықаралық айтыста екі Гран-при табысталды (ФОТО)

Екі күн бойы С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының сахнасында ақындар суырып салма өнерде бақ таластырды.

Қарағандыда қоғамдық және саяси қайраткер, ақын Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен ән байқауы Қазақстан мен шетелдік мықты ақындардың басын қосты. 

Екі күн бойы С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының сахнасында ақындар суырып салма өнерде бақ таластырды. Қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, ең мықтыны таңдау қиынға соққан.

Нәтижесінде төрешілер алқасының шешімі бойынша екі бас жүлде табыс етілді.

Халықаралық айтыс Қарағанды облысының әкімдігі мен Nur Otan партиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Сәкен Сейфуллиннің мерейтойына орайластырылған салтанатқа қатысып, ақындарға қолдау көрсету үшін Қарағандыға Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек арнайы келді.

«Қарағанды Халықаралық айтысты өткізу үшін кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі Сарыарқа жерінде Сәкен Сейфуллин дүниеге келген. Бұл өнер түрі үлкен қолдауға ие. Айтыс халыққа өте жақын. Біз ақындардың әндері арқылы адамдардың көңілін естігіміз келеді. Мәдени және рухани жаңғыру, дәстүрлерді сақтау біздің саяси доктринамыздың бір бөлігі болып табылады», - деді Бауыржан Байбек.

Халықаралық айтыстың жүргізушісі Жүрсін Ерман ақындар өте өзекті мәселелерді көтеріп, Сәкен ағаның бейнесін аша алғанын атап өтті. 

Ән байқауына жиналған көрермендерден залда ине шаншар жер болмады. Олардың көбісі ақындар сайысын көру үшін шалғайдағы қалалар мен ауылдардан арнайы келген екен. Суырып салма өнері майталмандарының арасындағы қызу таласты жиналған қауым бар зейінімен қадағалап отырды. Бірінші күні жеті сағатқа созылған бақталаста 9 жұп жарысты, олардың 7-і ақтық сайысқа өтті. 

Бас жүлдені Мақсат Аханов және Жандарбек Бұлғақов есімді екі айтыскер иеленді. Олардың әрқайсысына екі миллион теңге сомасында ақшалай сыйлық берілді.

Бірінші орын мен миллион теңге сыйлығын қазылар алқасы Өміржан Көпбосыновқа және Бауыржан Шермединұлына табыстады. 

Екінші орынға үш иегер анықталды: Дидар Кәмиев, Мұхтар Ниязов және Төлеген Жаманов. Үшінші орынды бес ақын өзара бөлісті: Айбек Қалиев, Бүркітқазы Әділбек, Әсем Ережекқызы, Бекарыс Шойбеков және Нұрмат Мансұр. Тиісінше, ақшалай жүлде 500 және 300 мың теңгені құрады.

Сәкен Сейфуллин қорының арнайы сыйлығына Жеңісбек Тоқтабеков ие болды. 

Айтыстың ең жас қатысушысы Жұлдызай Маратбековаға Асанәлі Әшімов қорының арнайы сыйлығы берілді. 

Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары берілді.

Айтыстың барлық қатысушыларына Жаңаарқа ауданынан Сәкен Сейфуллиннің отанынан әкелінген шапандар сыйға тартылды. Ұлы ақын мен жазушының мерейтойына орай әншілерге, қазылар алқасы мен ұйымдастырушыларға естелік медальдар табыс етілді. 

Бұған дейін хабарланғандай, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыста Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және Қытайдан келген 18 айтыскер бақ сынасты. Қазылар алқасын танымал актёр және режиссёр, Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов басқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары