$ 449.58  486.94  4.86

Бурабай әкімі көлікті мас күйде жүргізгені үшін жұмыстан қуылды

Сондай-ақ, ведомстводағылар әкім үш жылға жүргізуші куәлігінен айрылғанын атап өтті. Оның ісі 23 тамызда этика жөніндегі кеңестің отырысында қаралды.

Бурабай әкімі Талғат Амантаев мас күйде қызметтік автокөлікті айдағаны үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.  

Жол полициясы қызметкерлері әкімді Щучинск қаласында тоқтатып, медициналық куәландыруға жіберген.  

«Сараптама нәтижесі оның жеңіл дәрежеде мас болғанын көрсетті. Осыған байланысты Бурабай аудандық сотының қаулысымен Талғат Амантаев ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды», - деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі өкілі.  

Сондай-ақ, ведомстводағылар әкім үш жылға жүргізуші куәлігінен айрылғанын атап өтті. Оның ісі 23 тамызда этика жөніндегі кеңестің отырысында қаралды. 

«Отырыста Талғат Амантаев жасаған іс-әрекетіне өкінетінін айтты. Бірақ әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бұл теріс қылықтан кейін ол мемлекеттік қызметте қала алмайды деген шешімге келді», - деп толықтырды баспасөз қызметіндегілер. 

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі әкім қызметінен 9 қыркүйекте кеткенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары