$ 444.22  476.38  4.82

Мальдив аралында қаракөзіміз көпқабатты үйлердің өртіне куә болды

Оның айтуынша, ол кем дегенде бес көпқабатты үйдің өртке оранғанын көрген.

 Мальдив аралындағы Мале қаласы көшелерінің бірінде химиялық заттары бар қойма өртеніп, жалын маңайдағы үйлерге тарала бастады. Жарылыстардың даусы естілгені атап өтілді деп хабарлайды The Edition сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның хабарлауынша, жанып кеткен қойма тар көшеде орналасқан. Жалынның таралуына күшті жел ықпал етті.

Сонымен қатар, зиянды заттардың ауаға таралуы жарылыстарға себеп болған. Биліктің хабарлауынша, өрт құрбандары туралы ақпарат бар.

Жергілікті тұрғындарға орталық бөліктен алыс жүруге және ауаға таралған зиянды заттардан абай болуға кеңес берілді.

Tengrinews.kz мәліметінше, оқиға орнында отандасымыз да болған. Оның айтуынша, ол кем дегенде бес көпқабатты үйдің өртке оранғанын көрген.

Оның айтуынша, бүкіл қаланы түтін басты. Ол қауіпсіз жерге барғысы келді. Мале қаласындағы басқа қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары