$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан пластикалық пакеттердің орнына қауіпсіз қаптамалар қолданбақ

«Төлемді енгізу пакет айналымын 30% төмендетеді. 2025 жылы толықтай бас тарту мүмкін, осы бағытта жұмыс жалғасуда», - деп түсіндірді Мирзагалиев.

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады. Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді, ал пластикалық пакеттер ақылы болады, деп хабарлайды Stan.kz. 

Пластикалық пакеттерді қолдануды азайту қадамдары меморандумда көрініс табады. Құжатқа Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев, «Атамекен» АЭС басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьева қол қойды.

  «Төлемді енгізу пакет айналымын 30% төмендетеді. 2025 жылы толықтай бас тарту мүмкін, осы бағытта жұмыс жалғасуда», - деп түсіндірді Мирзагалиев.

Айта кету керек, Қазақстанда жыл сайын 5-6 миллион тонна коммуналдық қатты қалдықтар шығарылады, тек 10% ғана қайта өңдеуге жіберіледі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары