Атырауда арты өлімге алып келген жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін сағат 09:30-дар шамасында Баймұханов көшесінде «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Жол апаты ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Жүргізуші уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді ПД баспасөз қызметі.