Жаңалықтар 21.09.2019 сағат 20:15

Арыста тағы да жарылыс боп, 10 әскери жараланды

Бүгін Арыс қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан арнайы жасақталған полигонда жарылыс болды.
Арыста тағы да жарылыс боп, 10 әскери жараланды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Арыс қаласына жақын маңдағы полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен. Жарылыс салдарынан 10 әскери қызметкер зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Арыс қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан арнайы жасақталған полигонда жарылыс болды.

"21 қыркүйекте жоспарланған жару жұмыстары кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кетті. Оқыс оқиға салдарынан контракт бойынша әскери қызмет етіп жүрген 10 арнайы даярланған саперге жарқыншақ тиіп жараланды", - делінген хабарламада.

Әскери қызметкерлер Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылған. Оларға қажетті медициналық көмек толыққанды көрсетіліп жатыр, деп мәлімет берді министрліктің баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында шаралар жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар