Жаңалықтар 21.09.2019 сағат 20:45

Елордада Президент паркі аумағындағы қойма өртенді

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Елордада Президент паркі аумағындағы қойма өртенді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елордада Президент паркі аумағында контейнер мен қойма өртенді, деп жазады BAQ.KZ.

"Бүгін сағат 16:59 шамасында елордалық өрт сөндіру қызметінің 101 пультіне Панфилов көшесінің бойындағы Президенттік парк аумағында өрттің шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері келіп жеткенде, парк территориясындағы 40 тонналық контейнерінің және оған жалғастырылып салынған қойманың шамамен 60 шаршы метрі өртеніп жатқаны белгілі болды. Өрт сөндірушілердің кәсіби біліктіліктері мен дұрыс әрекет етулерінің арқасында өрт сағат 17:19 ауыздықталды", - делінген ТЖД хабарламасында.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда. 

Оқиға орнында 3 бірлік техника жұмыс істеп, Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 15 адам жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар