$ 498.34  519.72  4.85

Мұнай зауыты жарылысынан зардап шеккен Еркінбек Халиуллиннің жағдайы өте нашар

Қандыағашта мұнай зауыты жарылысынан күйікке шалдыққан 26 жасар жігіттің хәлі өте нашар екенін емдеп жатқан дәрігерлері айтып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«NewTimes.kz» ақпарат агенттігінің жазуынша, «Вернал Ойл Казақстан» ЖШС-не қарасты мұнай өңдеуші кәсіпорны қоймасының жарылысынан барлығы төрт адамды күйік шалған. Олардың арасында Еркінбек Халиуллиннің денсаулығына қатты зақым келген.

―21.00 сағаттан кейін бізге төрт адам келіп түсті. Біреуі қолын сындырып алған, екіншісі амбулаториялық ем қабылдап жүр. Халиуллиннен бөлек тағы екі адамды күйік шалған. Бірінде 15 пайыздық, тағы бірінде 40 пайыздық дәрежеде күйік шалған. Түнде санавиация оны Ақтөбе облыстық ауруханасына әкетті. Ал, Халиуллиннің денесінің 85 пайызын күйік шалған, жағдайы өте нашар. Қазіргі уақытта реанимация бөлімінде жатыр, естен тануға қарсы терапия жүргізілуде, ― дейді Мұғалжар аудандық орталық ауруханасының дәрігері Табынбай Мұстафин.

Ал, «Вернал Ойл Казақстан» ЖШС болса апатты жағдайға душар болған адамның барлық медициналық және жол шығындарын көтеріп алатындықтарын мәлімдеп отыр. Сондай-ақ, Орынбордағы күйік шалғандар орталығына барып емделіп қайту шығынын өтеп бермек.

Әзірге жарылыс салдарының неден болғаны анықталу үстінде.

Айта кетейік, «Вернал Ойл Казақстан» ЖШС-нің мұнай өңдеу кәсіпорны Ақтөбе қаласынан жүз шақырым жердегі Қандыағаш қаласында орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары