$ 444.22  476.38  4.82

Жол бойындағы жалған полицей ұсталды

Алматыда ер адам өзін полицей деп таныстырып елден ақша бопсалап келген. Жалған полицей Рысқұлов Жангелдин көшелерінің қиылысында «қызметін жүргізген». 

Ол осы маңдағы мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойған жүргізушілерден ақша бопсалаумен айналысқан. Оның əрекеті Жетісу ауданында қызметін атқарып жүрген «Буран-152» жол-патруль экипаж қызметкерлерінің күдігін туғызады. 

«Түнгі сағат 1-лерде жолдағы азаматтарды тоқтатып тұрған полицейді көрдік. Оның əрекеті күдік туғызды. Өйткені біз көптен бері автопатрульдеуге көшкенбіз. Тексеру кезінде ер адамда жалған құжат, қосылмаған радиостанса, кісен, ІІД қызметкерлеріне арналған жадынама табылған», - деді полиция сержанты Серік Оразханов.

Оқиға орнына Жетісу ауданы ІІБ жедел тергеу тобы шақырылды. 

Анықталғандай, ұсталған ер адам бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты. Ал үстіндегі полиция формасын ашық саудада сатып алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары