$ 494.87  520.65  4.91

Баянауылда  2,5 гектар жерді тілсіз жау шарпыды

Өрт сөндіруге 120-дан астам техника сондай-ақ, ТЖД қызметкерлері, ұлттық парк қызметкерлері, өрт сөндірушілерді қосқанда 500-ге жуық адамы жұмылдырылған. Дүйсенбі күні сағат 08.30-дағы жағдай бойынша, үш ауылдық округ маңындағы өрт сөндірілген.

Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық паркі аумағындағы далада өртеніп жатыр, деп хабарлайды holanews.kz.

Баянауыл облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, даладағы өртті сөндіруге жексенбі күні Өскеменнен «Қазавиаорманкүзет» кәсіпорнының МИ-8 тікұшағы жеткен. Дүйсенбі күні тағы бір тікұшақ келуі тиіс. Бұған қоса Павлодар қаласынан өрт шыққан ауданға қосымша төрт техника жіберілген.

Облыстық ТЖД хабарлағандай, өрт кеше, күндізгі сағат 12 шамасында Баянауыл ауылынан 25 шақырым жерде басталған. Ұлттық парк аумағындағы 2,5 гектарға жуық орманды алқапта қураған ағаш пен шөп өртенген.

Өрт сөндіруге 120-дан астам техника сондай-ақ, ТЖД қызметкерлері, ұлттық парк қызметкерлері, өрт сөндірушілерді қосқанда 500-ге жуық адамы жұмылдырылған. Дүйсенбі күні сағат 08.30-дағы жағдай бойынша, үш ауылдық округ маңындағы өрт сөндірілген. Қазіргі таңда Баянауыл ұлттық паркінің таулы жерлерінде тілсіз жауды сөндіру жалғасуда.

«Бұл орман өрті ауданда жоғары температура режимі сақталғандықтан, сондай-ақ, күшті желдің әсерінен, жылдамдығы секундына 20-24 метрге дейін жеткендіктен», - деді облыстық ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов.
Күндіз Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов тілсіз жауды ауыздықтау бойынша штаб құрды. Жағдай жөнінде вице-премьер Роман Склярға баяндалды.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - Павлодар облысы, Баянауыл ауданының аумағында орналасқан, жалпы аумағы - 68 452,8 га құрайды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары