$ 494.87  520.65  4.91

UFC-дің басты жекпе-жегінде Стивенс күзет қызметіне жүгінді (ВИДЕО)

Мұндайды күтпеген жанкүйерлер америкалыққа бөтелке сынды қолдарындағы заттарды лақтыра бастады.

Мехикода өткен UFC Fight Night 159 турнирінің басты жекпе-жегі – мексикалық Яир Родригес пен америкалық Джереми Стивенстің кездесуі жанжалмен аяқталды, деп хабарлайды Sputnik.

Кездесудің жиырмасыншы секундында мексикалықтың саусағы қарсыласының көзіне тиді. Бұдан соң спортшы қайта рингке шығуға тырысты. Алайда дәрігерлер жекпе-жекті тоқтату керек деген шешім қабылдады.

Мұндайды күтпеген жанкүйерлер америкалыққа бөтелке сынды қолдарындағы заттарды лақтыра бастады. Залдан шығу үшін Стивенске күзеттің көмегі қажет болды.

Кейін жүргізуші UFC Fight Night 159 турнирінің басты жекпе-жегі өткізілмеген болып саналатынын айтты. Ал Родригес жанкүйерлерден кешірім сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары