$ 447.4  477.55  4.76

Әкім Тарази қазақ жұртына көңіл айтты

Кемеңгер тұлға, ірі қоғам қайраткері жазушы Әбіш Кекілбаевтың өмірден озуына байланысты қаламдас досы  Әкім Тарази қазақ жұртына көңіл айтты.

«Біз Әбіш Кекілбайұлымен қазақ әдебиеті деп аталатын қасиетті ордаға бірге келдік, бірге жүрдік. Алғашқы шығармаларымыз жарыққа шыққанда бірге оқып, бірге талқыладық. Әдебиетте қатар жүрген достарымыз көп болды. Сол тұста қазақ әдебиетіне бір шоғыр тату, берекелі жақсы буын келген еді. Енді өмірдің заңы солай, шетінен алып кетіп жатыр. Сол достарым: Мұқағали Мақатаев, Қалихан Ысқақ, Сайын Мұратбек секілді талантты қаламдастарым өмірден өтіп кетті. Енді кезек Әбішке келген екен. Оны қайғырмай, қасірет демей, кәдімгі жауынгер ретінде, тік тұрып оққа кеуде тосқандай қарсы алуымыз керек. Бірақ талантты жазушыны әрқашанда өлді деген сөзге қимаймыз. Ол өлген жоқ, мәңгіліктің жолына түсті, енді мәңгіліктің жолымен кетіп бара жатыр деп ойлаймын». 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары