$ 439.43  473.31  4.82

Ауа құрамында таралған күкіртті сутек өскемендіктерге қауіп төндіріп тұр - экология департаменті

Облыс бойынша экология департаментінің мамандары сол маңайдағы тұрғындарға, әсіресе, балаларға сыртта көп жүру денсаулыққа қауіпті екенін ескертеді.

Өскеменде қоқыс полигонының өртенуі салдарынан сыртта ұзақ уақыт жүруге болмайды. Әсіресе, балаларға, деп хабарлайды Altaynews.kz Устинка сайтына сілтеме беріп.

Мамандардың өртеніп жатқан аумақты тексергеннен кейінгі мәліметінше, ауа құрамындағы күкіртті сутек – бес есе, ала формальдегид 11 есе көбейген.

Облыс бойынша экология департаментінің мамандары сол маңайдағы тұрғындарға, әсіресе, балаларға сыртта көп жүру денсаулыққа қауіпті екенін ескертеді. Үйдің есік-терезесін ашық қалдырмаған жөн.

Күкіртті сутек – жүйке жүйесіне әсер ететін улы газ.

Ал формальдегид – екінші кластағы аса қауіпті түссіз газ. Ол адамның тыныс алу жолдарына, көзге және теріге аса зиян. Және адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Егер оның мөлшері ауадағы зиянды заттардың қауіпсіз мөлшерінен неше жүз есеге асып кетсе, барлық тірі жанды құртып жіберуі ғажап емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары