$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда №4 қалалық аурухананың бас дәрігері қамауға алынды

Бұл ақпаратты дәрігердің жұбайы Дина Тезекбаева растады.

Алматыда қалалық №4 клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев тұтқындалды. №2 мамандандырылған ауданаралық тергеу соты оны екі айға тұтқындау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдаған, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Бұл ақпаратты дәрігердің жұбайы Дина Тезекбаева растады.

"Сот 22 қыркүйекте өтті, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы, 3-бөлігі "Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы" бойынша айып тағылды", - деп хабарлады әйел Sputnik Қазақстан тілшісімен телефон арқылы сөйлескен кезде.  

Оның айтуынша, жұбайы бас дәрігер лауазымынан уақытша шеттетілген.

Ұлттық медициналық қауымдастық та Тезекбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

"Иә, оны жексенбіде ұстады. Бізге ақпарат түскен бойда адвокат іс материалын зерттейді және біз оларға қол жеткізе аламыз. Содан кейін не істеу керектігін шешеміз", - деді қауымдастық президенті Айжан Садықова.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме беруге қиналды.

"Біз ақпаратты нақтылап жатырмыз", - деп мәлімдеді қалалық соттың ресми өкілі Дияс Махамбетов.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылып, бес жылға дейін сотталуы мүмкін.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы