$ 443.85  474.3  4.8

Жамбыл облыстық экология департаментінің басшылары парамен ұсталды

Жамбыл облыстық экология департаментінің басшысы, басшысының орынбасары және осы департаменттегі бөлім басшысы пара алды деген күдікпен ұсталып, олардың үстінен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Аталған тұлғалар 10 желтоқсан күні 45 000 теңгеден 400 000 теңгеге дейін жүйелі түрде алып келген параларын алу үстінде қолға түсті. Шенеуніктер шағын және орта кәсіп иелерінен атқарылған жұмыстардың есебін қабылдау үшін тұрақты түрде заңсыз сыйақы алып келген.

Қазіргі таңда ұсталған азаматтар Тараз қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына жабылды.

Айта кетейік, бұған дейін қаржы полициясының мамандары облыстағы мектеп директоры мен оның орынбасарын пара алғаны үшін ұстаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары