$ 494.87  520.65  4.91

Адамдар көрген түсті неге ұмытып қалады?

Ғалымдардың пайымдауынша мидағы тәбет пен ұйқыға жауапты нейрондар ондағы керексіз ақпаратты жойып отырады екен.

Жапония елінің ғалымдары адамдардың ұйқыдан оянған соң неліктен түсті ұмытып қалатындықтарын анықтады. Олар тиісті зерттеуді алдымен тышқандарға жасап көрген деп хабарлайды gazeta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ғалымдардың пайымдауынша мидағы тәбет пен ұйқыға жауапты нейрондар ондағы керексіз ақпаратты жойып отырады екен.

Сонымен бірге ғалымдар көптеген адамдардың түсі көп жағдайда ұмытылып қалады деген тұжырымға келген.

Олар мұны адамдар ұйықтап, түс көрген сәтте, мидағы түске жауапты талшықтар әдеттегіден де белсенді жұмыс істейді деп түсіндірген.

Осылайша дәл осы талшықтың салдарынан адам ұйықтап тұрғаннан кейін өз түсін ұмытып қалатын көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ғылым