30.09.2019, 10:15

Рұқсат етілген феминистер митингінде заң бұзған 4 адам ұсталды

Тәртіп бұзбақ болғандар Әуезов ауданының полиция басқармасына жеткізіліп, олармен заңның бұзылуына жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Алматыда әйелдердің құқықтарын қорғау үшін өткен рұқсат етілген митингіде акцияға қатысушыларға зиян тигізбек болған 4 адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

«28 қыркүйекте полиция қызметкерлері "Сарыарқа" кинотеатрының артындағы саябақта әйелдердің құқықтарын қорғау үшін өткізілген санкцияланған митингіде қоғамдық тәртіпті бақылау уақытында акцияға қатысушыларға қарсы әрекеттер жасауға тырысқан төрт адамды құрықтады, олардың біреуінен көзге шашатын бұрыштық баллондық табылды»,- делінген хабарламада.

Тәртіп бұзбақ болғандар Әуезов ауданының полиция басқармасына жеткізіліп, олармен заңның бұзылуына жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Еске сала кетейік, 29 қыркүйекте Алматыдағы «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы саябақта алғаш рет әйелдердің құқықтары мен гендерлік теңдігі үшін рұқсат етілген митинг өтті.