Ресейлік зертханалардың геммологы армян қызының қандай «кристалдармен» жылайтынын анықтады, - деп хабарлайды НТВ.
Телеарна журналистері 22 жастағы Сатеник Каразянның көзінен аққан кристалдарын жинап, сараптамаға өткізген. Маманның сөзінше, тастар тығыздығы мен сынықтарына байланысты өнеркәсіптік әйнек екен. «Бұл нағыз табиғи әйнек. Мұны зертхана да дәлелдеді», - дейді геммолог Ольга Радионова.
Армениядағы Малаян атындағы басты республикалық офтальмологиялық орталық мамандарының сөзінше, бұл оқиға цирк көрінісі секілді. Орталық мамандары Сатеник Каразян Мюнхгаузен синдромына шалдыққан деп есептейді. Аурудың бұл түріне шалдыққан адам өз-өзіне ауыр зиян келтіруге дейін баратын көрінеді.
Айта кетейік, жыласа көзінен жас орнына кристалл төгілетін қыздың туыстарының айтуынша, оның емделуге қаражаты жоқ екен. Сатениктің жұбайы - бірінші топтағы мүгедек.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін жылағанда көзінен жас орнына кристалл ағатын ерекше қыз туралы жазған болатынбыз.