$ 447.4  477.55  4.76

Қарағандыда жас кәсіпкерлер өздерінің бизнес-жобаларын ортаға салды

Жобаға 18-29 жас аралығындағы жастар қатысқан болатын.

Қарағанды қаласының Достық үйінде жастардың өзекті стартаптарының тұсаукесері өтті. Қатысушылар меценаттар мен инвесторлар тарапынан сараптамалық бағалау мен қолдауды талап ететін жобаларды ұсынды.

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолы» аймақтық штабының аясында жастардың келелі стартаптарының тұсаукесері» жобасы өткізілді. Жобаның негізгі мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде бастауыш жобаларды насихаттау арқылы жастарды белсенді әлеуметтік өмірге ынталандыру болып табылады.

Шараға "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілі Әсел Атабаева, "Natige" және "VOLT 220" компаниясының құрылтайшысы Ерлан Әшім, Азаматтық бастамалар орталығының басшысы Наталья Красникова, "Рухани жаңғыру" кеңсесінің менеджері, "Pixel"жобалау студиясының жетекшісі Абай Оторбаев қатысып, мол тәжірибелері мен табысты кәсіпкерліктің қыр-сырымен бөлісті. Сондай-ақ, жалынды жастардың жаңа жобасына қолдау көрсетті.

Жобаға 18-29 жас аралығындағы жастар қатысқан болатын. Идеяларын әлеуметтік жоба ретінде ұсынған 3 мыңға жуық авторға грант ұтып алу мүмкіндігі берілді. Мемлекеттік грантты ұтып алып, бүгінде өз кәсібін алға сүйреп жүргендердің бірі Айым Итбаева. Айым арнайы құрылғының көмегімен құс жұмыртқаларын бақылай отырып, балапандардың өсіп-жетілуіне жағдай жасайды.

«Құс шаруашылығымен айналысу ауылдық мекендерге өте ыңғайлы кәсіп. Гранттың арқасында біз арнайы құрылғы сатып алдық. Ендігі кезекте 300-жуық құсқа қолайлы орта жасап, жем-суымен қамтамасыз етіп отырмыз. Болашақта бұл кәсіпті әрі қарай дөңгелетіп үлкейткіміз келеді», - дейді жас кәсіпкер.

Барлық қатысушылардың аса дайындықпен келгені бірден байқалды. Олар өз жоспарларымен бейнеролик арқылы бөлісіп, таныстырды.Сондай ақ, өздерін еліміздің белгілі кәсіпкерлері де қолдайды деп сенеді.

Семинар соңында үздік стартап-жобалар жарияланып және барлық қатысушыларға сертификаттар таратылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жоба