$ 494.87  520.65  4.91

Такси жүргізушісі жолаушысын жыныстық құлдықтан құтқарып қалған

Тахир Мехмудтың сөзінше, оны 26 жастағы Роберт Энеску шақырып, жүкті әйелді көрсетілген мекенжайға жеткізіп тастауын сұрапты.

Ұлыбританияда такси жүргізушісі жүкті әйелді жезөкшелер үйіне апарудан бас тартып, оны жыныстық құлдықтан құтқарып қалды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тахир Мехмудтың сөзінше, оны 26 жастағы Роберт Энеску шақырып, жүкті әйелді көрсетілген мекенжайға жеткізіп тастауын сұрапты. Алайда такси жүргізушісі жолаушы әйелдің мұңайып, жылап отырғанын байқайды.

«Мен одан: «Неге алаңдап отырсың, сүйкімдім? Неге жылайсың?» - деп сұрадым. Артынша көлікті тоқтатып, одан не болғанын түсіндіруін өтіндім», - дейді Тахир Мехмуд.

Өз кезегінде румыниялық әйел массаж жасаушы болып жұмыс істеу үшін, Ұлыбританияға 4 күн бұрын келгенін айтады. Алайда Энеску оны алдап соғып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлепті. 

«Сен менің қайтып оралуыма көмектесе аласың ба?» - деп сұрапты жолаушы әйел.

Әйелдің жағдайынан хабардар болған такси жүргізушісі бірден полицияға хабарласқанын айтады. Мұнан кейін әйел мән-жайды полицияға айтып беріпті. Өз кезегінде тәртіп сақшылары әйелді бөлімшеге жеткізіп, қорғауға алған. Ертесі күні  полиция аталған жезөкшелер үйіне барып, жыныстық құлдыққа тартылған тағы бірнеше әйелді құтқарды. 

Полиция Мехмудке жасаған ерлігі үшін алғыс білдірді.

«Бұл оның тарапынан жасалған адамшылық әрекет болды. Ол арына жүгініп, соған сай қадамға барды», - дейді инспектор.

Оқиғадан кейін Энеску тұтқындалып, жыныстық сауда үшін айыпталды. Ол сот тыңдалымында жезөкшелікке қатысы барын жоққа шығарды. Артынша ол кепілмен бостандыққа шығып, қашып кеткен. 

Сот ер адамға сырттай үкім шығарып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Қазіргі уақытта қылмыскер іздестіріліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары