Жаңалықтар 01.10.2019 сағат 16:45

Алматылықтарға ТЖ туралы жедел хабарлаудың тегін мобильді қосымшасы қолжетімді

Алматы аймағына жақын орналасқан сейсмодатчиктер арқылы бірегей функция автоматты режимде жердің сілкінуі туралы push-ескерту жібере алады.
Алматылықтарға ТЖ туралы жедел хабарлаудың тегін мобильді қосымшасы қолжетімді
фото: platon.asia
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жобаны қала әкімдігімен бірге ТЖ Департаменті және қазақстандық компания - «I2NIK» ЖШС бюджет қаржысын жұмсамай, «Smart Almaty» концепциясы аясында жүзеге асыруда.

Мобильді қосымшаны «Android» және «іOS» базаларындағы құрылғылар арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеп алуға болады. Қазіргі кезде мобильді қосымшаны 20 мыңнан астам тұтынушы пайдалануда.

«Darmen» қосымшасын жасау үшін Жапония және АҚШ-тың тәжірибесі зерттелді. Қосымша бірнеше секунд ішінде ғана халықты ТЖ-дың қаупі (соның ішінде, дауылдар туралы ескертулер) жөнінде хабардар етеді.

Алматы аймағына жақын орналасқан сейсмодатчиктер арқылы бірегей функция автоматты режимде жердің сілкінуі туралы push-ескерту жібере алады.

Мобильді қосымша қолдану тәжірибесінен өтті және бұрынғы SMS–хабарламалармен салыстырғанда ескертулерді жедел жіберетінін көрсетті.

«Darmen» қосымшасын https://darmen.app/ кіру арқылы жүктеп алуға болады.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар