02.10.2019, 06:30

Головкинмен жекпе-жекке шығатын Деревянченко мәлімдеме жасады

Деревянченко алдағы кездесуді "тәжірибесіндегі ең қиын жекпе-жек" деп есептейді.

Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізетін украиналық боксшы Сергей Деревянченко жеңіске жететінін нық сеніммен айтты, деп жазады Sports.kz.

 Деревянченко алдағы кездесуді "тәжірибесіндегі ең қиын жекпе-жек" деп есептейді.

"Геннадий – фантастикалық боксшы, оны қатты құрметтеймін. Бірақ өзімнің әлі де жеңілмейтініме, алдағы жекпе-жекте әлем чемпионы болатыныма сенемін", – дейді Деревянченко.

Еске сала кетейік, Головкин-Деревянченко жекпе-жегі 6 қазанда Нью-Йорктегі Мэдисон-сквер-гарден аренасында өтеді.