$ 498.34  519.72  4.85

Өскеменде көпір жұмысшылары 3-4 ай жалақы алмаған

Себебін түсіндіріп беретін мердігерді таппадық.

Ертістің арғы жағасы мен бергі жағасын жалғап жатқан көпірдің құрылысында төрт-ақ адам жұмыс істеп жүр. Көзімізбен көрдік. Төртеудің біреуімен тілдестік, деп хабарлайды Алтайньюс.

- Жалақы алмағанымызға үш-төрт ай болды. Көпірдің үстінде аштық жариялаймыз деген де ойымыз бар еді. Мердігерлеріміз Алматыда. Мұнда учаске бастығы ғана бар. Ол да болса қолынан келгенше жалақымызды сұрап жүр. Нәтиже жоқ. Құр уәде. Сол сексен мың үшін сонау Қапшағайдан келіп істеп жүрмін. Мына бір жігіттің сол жақта бес баласы көздері жәутаңдап күтіп жүр. Шыны керек, көпірдің үстінде істейтін жұмыс та жоқ, құрылыс материалдары таусылып қалған. Күндегі жүрген жүрісіміз осы, - дейді Марат Ботаев.

Себебін түсіндіріп беретін мердігерді таппадық. ТҮКШ-тің баспасөз хатшысы Владимир Землянский құрылыс жұмыстары көпірдің астында жүріп жатыр деген соң сол жаққа бет алғанбыз. Алайда абалаған алты иттен басқа ол жерде тірі жан жоқ. Тек телефонмен учаске бастығы жұмысшылардың жалақысын төлеу қарастырылуда деп қысқа қайырды.

Р.S. Осылайша бір сауалдың жауабын табамыз деп сан сауал арқалап қайттық.

Жыл соңына дейін төрт адам көпірді салып біте ме?

Бюджеттен бөлінген қаржы қайда?

Бұл туралы әкім-қаралар не дейді?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Өскемен